«Өз қоршауыңды/орындығыңды/беседкаңды боя» акциясы

«Өз қоршауыңды/орындығыңды/беседкаңды боя» акциясы

ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
«Алматы — біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында Алматы қаласының әкімдігі «Өз қоршауыңды/орындығыңды/беседкаңды боя» іс-шарасын өткізетіні туралы хабарлайды.
Акция үй маңындағы аумақтың эстетикалық мазмұны мен жеке тұрғын үйлердің қоршауын жақсартуға бағытталған.
Іс-шараға қаланың барлық тұрғындары қатыса алады. Қатысушыларға қоршауды, қақпаны бояуға арналған бояулар мен еріткіштер беріледі. Ол үшін аудандық көріктендіру бөліміндегі жауапты тұлғаға жүгіну қажет.
Лак-бояу материалы тегін беріледі. Ескеретін жайт: бір қолға 2 келіден аспайтын бояу беріледі.
Бояу материалын алу үшін төмендегі мекен-жай мен байланыс нөміріне хабарласуға болады
Төле би көш, 67, Нұрдаулет +7 (775) 888 77 55

#АлматыНашОбщийДом
#НасМногоГородОдин
#АлматыБіздіңОртақҮйіміз
#БізКөппізҚалаЖалғыз