“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар арасында сананы қалыптастыру” семинары

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар арасында сананы қалыптастыру” семинары

“Адал ұрпақ” жобасын жүзеге асыру негізінде ұйымдастыру тобымыз Алматы инновациялық техникалық колледжінің жастарымен кезігіп, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар арасында сананы қалыптастыру” тақырыбында семинар өткіздік. Басты мақсатымыз - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру. Кездесуге “ Парасатты ұрпақ үшін” қоғамдық қорының басшысы М. Қалимолдин, Алмалы ауданы әкімі аппаратының азаматтық мемлекеттік бөлімінің аға инспекторы, отставкадағы полковник Ш. А. Кенжебаева; заңгер, кәсіби медиатор Таубаева Э. Б; еңбек ардагері, отставкадағы полковник Ахметсафин М. М. тб қоғам белсенділері қатысты.