Халықаралық ескерткіштер күні

Халықаралық ескерткіштер күні

8 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні аясында сағат 11.00-де аудан аумағындағы ескерткіштер мен тарихи орындар маңында жазушылар, журналистер, қоғам қайраткерлері, ЖОО студентері, аудан мектептерінің оқушыларының қатысуымен "Есте сақтаймыз, Құрметтейміз» және «Өткен күндерді еске алайық...» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Тарихымыздағы әр түрлі кезеңдерден сақталған тарихи-мәдени ескерткіш-бюсттері алдында театр майталмандары мен Алмалы ауданы ардагерлер кеңесі және мектептердің ұйымдастыруымен ескерткіштерге гүл шоқтары қойылды. Сонымен қоса, әдеби-көркем оқулар мен шығармалар оқылып, өмір баяны мен қызмет жолы деректеріне шолу жасалып, викториналық сұрақ-жауап сынды іс-шаралар өтті.
Сонымен қатар, ескерткіштер аумағында санитарлық тазарту және көріктендіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Атаулы күнді 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекі орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен.
Алмалы ауданы аумағына қарасты 50 тарихи-мәдени ескерткіштер орналасқан. Оның ішінде 11 ескерткіш республикалық маңызы бар нысан қатарына енсе, қалған 39 ескерткіш қалалық маңызы бар ескерткіштер тізімінде.