Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев Антальяда(Түркия) өткен XV халықаралық білім олимпиадасының жеңімпаздарымен кездесті.
#144 мектеп-гимназиясының 12 оқушысы , 11 мен 16 жас аралығындағы 24 олимпиада конкурстары мен номинацияларында жеңіске жетті. Балалар шығармашылық және интеллектуалдық бағытта жарысты. Жеңімпаздар химия, математика, ағылшын тілін білуде тамаша нәтижелер көрсетті. Олимпиаданың бас жүлдесін біздің ауданымыздың оқушысы жеңіп алды. Максим Ефременко жеке есепте чемпион атанып, туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы Түркияның ең беделді жоғары оқу орындарының бірінде тегін оқуға грант жеңіп алды.
Солих Абдулхалил, Абдурахманов Абдулхалил, Арсений Болотин, Тамерлан Қасенов пәндер бойынша жоғары білім деңгейлерін көрсетті.
Талант пен табандылық танытқандары үшін балаларға мың алғыс. Әрине, осындай деңгейге жетуге көмектескен мұғалімдерге де алғыс айтамыз.
Мерекелік іс-шарада өз атынан және Алмалы әкімдігінің командасынан Айдар Ерболатұлы барлық қатысушыларды құттықтап, алғыс хаттар мен наградалар табыс етілді.
“Жарайсыңдар балалар! Сіздерге жаңа табыстар тілейміз! Мұнымен тоқтамай, дамыңыздар және бұл үшін қаламыз бен ауданымызда барлық мүмкіндік жасалған”, - деп атап өтті әкім өз сөзінде.