Алмалы ауданындағы осы аптаның басты оқиғалары

Алмалы ауданындағы осы аптаның басты оқиғалары

Алмалы ауданындағы аптаның соңы “Қарағайлы” және “Биокомбинат” скверлерін қайта жаңарту жұмыстарының аяқталуымен ерекшеленді. Балалар үшін жаңа ойын кешендері мен баскетбол алаңдары орнатылды, ересектер үшін воркаут орындары және спорт алаңдары (тренажерлер) пайда болды. Жаяу жүргіншілер жолдары жарықтандырылып, гүлзарлар, көгалдар мен жаңа орындықтар пайда болды.
Осы аптада тағы бір жоба аяқталды. Есентай көшесінде кәріз желілерінің құрылысы аяқталды. Есентай 2023 жылдың соңына дейін су бұру жүйесі пайда болатын Алмалы ауданындағы жеке сектордың алты көшесінің бірі.
Аптаның ортасында ХҚБ (халық қатысатын бюджет) бағдарламасының екінші кезеңі басталды. Ауданның бес ауласында абаттандыру жұмыстары басталды.
Апта басынан бері аудан тұрғындарынан әкімдіктің әлеуметтік желісіне барлығы 53 хабарлама келіп түсті. 39 өтініш бойынша біз түсініктеме бердік немесе мәселені шештік. Тағы 13 өтінім жұмыс барысынжа.
Көшені жарықтандыру бойынша сұрақтар көш бастап тұр.