Халықаралық балаларды қорғау күні

Халықаралық балаларды қорғау күні

Халықаралық балаларды қорғау күнінде Алмалы ауданының әкімдігі қоғамдық ұйымдармен бірлесіп әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға арналған бірқатар іс-шаралар өткізді. Бұл Алматы хайуанаттар бағына саяхат, « Lumiera Cinema» және «Сарыарқа» кинотеатрларында фильмдердің көрсетілімі, «Аяла» және «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік орталықтарында концерттік бағдарламалар. Сондай-ақ, ауданның барлық мектептерінде сурет байқаулары, «Үздіктер мен чемпиондар» форумы және спорттық жарыстар өтті.