Заңсыз жазғы алаңдар бойынша жұмыс

Заңсыз жазғы алаңдар бойынша жұмыс

Алмалы ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаментінің, Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының және Алмалы ауданы ПБ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 1/80 қаулысымен бекітілген Алматы қаласындағы қоғамдық тамақтану объектілері жанындағы жазғы алаңдарды орнату қағидаларын түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында шықты.


Түсіндіру жұмыстарының қорытындысы бойынша қоғамдық тамақтандыру объектілерінің меншік иелері заңсыз орнатылған жазғы алаңдарды бөлшектеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.