Алматыда жыл сайынғы «Жасыл аула» акциясы басталды

Алматыда жыл сайынғы «Жасыл аула» акциясы басталды

Алматының экология және қоршаған орта басқармасы тұрғындарға тегін көшет таратуға арналған «Жасыл аула» акциясының басталғанын хабарлайды. Көпқабатты үйлер ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға ниетті әрбір алматылық шегіршін, сәнағаш, шаған мен қайыңның көшеттерін тегін ала алады.
Өтініштер 15-24 наурыз аралығында қабылданады. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін көшеттер демалыс күндері таратылатын болады.
Бір адамға 20 көшеттен артық берілмейді. Акцияға қатысушылардың отырғызылған ағаштарды алдағы үш жыл бойы күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қоятындығын ескерген жөн. Қатысу үшін Jasyl.aula.almaty@gmail.com электронды поштасына келесі мәліметтерді жолдау қажет:
1.Қатысушының аты-жөні мен телефон нөмірі, ағаш отырғызылатын орынның нақты мекенжайы;
2.Ағаш отырғызылатын орынның фотосы (мамандарға орынды толықтай бағалауға мүмкіндік болуы үшін панорамалық форматта болғаны жөн);
3.Сұралып отырған көшет түрі мен саны.
Көшеттер 1,2 және 9, 10 сәуір күндері Алматы қ. Әуезов ауданы, Юрий Ким көшесі, 9 («Eco Almaty» ЖШС) мекенжайда таратылады. Соңынан жоғарыда көрсетілген электронды мекенжайға фото есеп жолдау қажет. Көрсетілген уақыттан кейін жолданған өтініштер қарастырылмайды. Қосымша ақпарат алу үшін Жасыл қорды бақылау бөліміне келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: +7777 068 56 38.