Рестораторлар клубының өкілдерімен ономастика мәселелері бойынша кеңес

Рестораторлар клубының өкілдерімен ономастика мәселелері бойынша кеңес

Ағымдағы жылдың 14 наурызында Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Р. Идрисовтың төрағалығымен «Атамекен» ҰКП-ның аудандық филиалының, Алматы қаласы рестораторлар клубы Қауымдастығы және Алматы қаласы әкімі аппаратының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің қатысуымен қоғамдық тамақтандыру объектілерінде Қазақстан Республикасындағы «Тiл туралы» Заңын сақтау мәселесі бойынша кеңес өткізілді.
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңның 21-бабына сәйкес, «Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады».
Рестораторлар клубы қауымдастығының ақпараты бойынша Алматы қаласында 10000-нан астам қоғамдық тамақтандыру нысаны бар және тек 30% - да мемлекеттік тілде мәзір бар.
Кеңес барысында бірқатар мәселелер көтерілді:
- мәзірді мемлекеттік тілде енгізу қажеттілігі туралы ескерту мақсатында Алмалы ауданының қоғамдық тамақтандыру объектілерінің көп санын қамту;
- «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның сақталуы;
- Алматы қаласы әкімі аппаратының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің кәсіпкерлер мен олардың қызметкерлері үшін мемлекеттік тіл бойынша оқыту семинарларын өткізуі.