Аудан әкімі орынбасарының көшпелі кездесуі

Аудан әкімі орынбасарының көшпелі кездесуі

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Алмалы ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Алматы қаласы сауда департаменті, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті және Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп “Барыс IV” базарына комиссиялық шығу жүзеге асырылды. Оның барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) делдалдық схемалар тізбегін анықтау бойынша жұмыс жүргізілді.
Кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және сауда үстемесінің 15% - дан аспауы туралы түсініктемелер берілді.