Аудан әкімі орынбасарының көшпелі кездесуі

Аудан әкімі орынбасарының көшпелі кездесуі

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Р. Ыдырысовтың «Resident» қонақ үйлер желісінің өкілдерімен кездесуі өтті. Аудан аумағында қонақ үй желісінің 3 қонақ үйі орналасқан "Resident Hotel Delux", "Resident Hotel Kazybek Bi" және "Resident City Hotel" барлығы 4 жұлдызды қонақ үй мәртебесіне сәйкес келеді.
Кездесу барысында қонақүйлер желісін халықаралық деңгейде кеңейтудің одан әрі инвестициялық перспективалары туралы бірқатар сұрақтар көтерілді.
Туристік индустрия-әлемдегі ең ірі және қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі.
Қазақстандағы шетелдік туристер үшін әлі де басты магнит Алматы болып қала беретінің, айта кету керек.
Туристік кластерлер Қазақстанда туризмді дамытудың негізі болуға тиіс. Туристік кластер – бұл туристік өнімді жасау, өндіру, ілгерілету және сатумен, сондай-ақ туризм индустриясымен және рекреациялық қызметтермен сабақтас қызметпен айналысатын өзара байланысқан кәсіпорын¬дар мен ұйымдардың бір шектел¬ген аумақ аясында шоғырлануы.