Аудан әкімінің жоспарлы кездесуі

Аудан әкімінің жоспарлы кездесуі

№ 67 жалпы білім беретін мектептің акт залында аудан әкімі Ержан Сейтеновтың Алмалы ауданының тұрғындарымен жоспарлы кездесуі өтті.
Кездесуге қалалық басқармалардың өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, прокуратура қызметкерлері және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
26 сұрақ қойылды, тұрғындарды қауіпсіздік, Алматы қаласын абаттандыру ережелерін бұзу, тротуарлардағы еркін жаяу жүргіншілер аймағын бұзу, аула ішіндегі аумақты заңсыз қайта құру, абаттандыру және санитарлық тазалау және тағы басқалар толғандырды. Халықпен кездесу қорытындысы бойынша хаттама жасалып, халықпен кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Барлық мәселелер аудан басшылығының бақылауында.