Аудан әкімінің халықпен жоспарлы кездесуі 26 қаңтарда өтеді

Аудан әкімінің халықпен жоспарлы кездесуі 26 қаңтарда өтеді

Құрметті аудан тұрғындары!

2023 жылғы 26 қаңтарда сағат 11:00-де Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 31в мекенжайдағы «№67 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де Алмалы ауданының әкімі Е.И. Сейтеновтің халықпен кездесуі өткізіледі.
Жиынға қалалық басқарма өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, прокуратура қызметкерлері және қоғамдық кеңес мүшелері қатысады.
Тұрғындардың өзекті толғандырған мәселелері бойынша ұсыныстарын жинау әлеуметтік желілер Whatsapp – 8 708 683 02 94, Instagram – akimat_almaly, Facebook – akimatalmaly, Twitter – akimat_almaly, Алмалы ауданы әкімі аппаратының WEB сайты арқылы және 313-31-08, 313-31-12 телефондары арқылы жүргізіледі.
Кездесуден кейін аудан әкімі, қалалық басқарма өкілдері және Маслихат депуттатарының жеке қабылдауы өткізіледі.