“Тәуелсіздік таңдары - бабалардың арманы”

“Тәуелсіздік таңдары - бабалардың арманы”

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі №4 кітапхана-бөлімшесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған “Тәуелсіздік таңдары - бабалардың арманы” атты ЖОО студенттері мен дарынды оқушылар арасында поэтикалық дуэль ұйымдастырылды.
Сайыскерлер өз шығармашылықтарынан “Тәуелсіздік, ауыл, ата-ана” тақырыбындағы өлеңдерін оқыды.
Қазылар алқасының мүшелері: филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ Ұлттық Аграрлы Зерттеу университетінің “Қазақ және орыс тілдері” кафедрасының меңгерушісі Тебегенова Алтынарай, ақын-журналист Алдаберген Алмас, айтыскер әрі жазба ақын, республикалық айтыстардың жүлдегері Қанапия Алтынай, сайыскерлердің өнерлерін жоғары бағалап, дипломдар мен құнды кітаптармен марапаттады.