Халықаралық мүгедектер күні

Халықаралық мүгедектер күні

Алмалы ауданында Халықаралық мүгедектер күніне орай, «Аяла» әлеуметтік қызмет орталығы мүгедектігі бар 100 балаға арнап, мерекелік дастархан жайып, тәттілер ұсынды, сонымен қатар, Алматыдағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі ұйымдастырған анимациялық шоу көрсетілді және С. Майғазиев атындағы «Смарт» өнер мектебінің өнерпаздары өнерлерін көрсетіп, мерекелік іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шараға қолдау көрсеткен демеушілер: «Hardees», «Пинта» мейрамханалары, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Компьютерлік ғылымдар кафедрасының оқытушылары.
Сонымен қатар, Қазақ мемлекеттік циркінде ауданның 100-ге жуық мүмкіндігі шектеулі балалары цирк өнерін тамашап көтеріңкі көңіл-күйде үйлеріне оралды.