Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні

Алмалы ауданында 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында қалалық Адам ұрпағын өрбіту орталығында халықаралық ұйымдар өкілдерінің, Алматы қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерінің, үкіметтік емес сектор, орта кәсіптік білім беру мекемелері, жастар денсаулығы орталықтары өкілдерінің қатысуымен Қазақстандағы жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері туралы дөңгелек үстел өтті.
Жастар денсаулығын сақтау мәселелері, әлеуметтік желілердің жасөспірімдерге әсері, білім беру ұйымдары мен жастар денсаулық орталықтарының сектораралық ынтымақтастығын күшейту, ата-аналардың жауапкершілігі және отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығы талқыланды.
Сонымен қатар, №5 қалалық емханада Алматы қаласының ЖИТС орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған "Ашық есік күні" өтті, оған 50-ден астам адам қатысып, АИТВ-қа анонимді экспресс-тестілеуден өтті, одан кейін әрбір қатысушы ЖИТС орталығының дәрігерінен жұқтыру қаупі және АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы жеке кеңес алды.