28 қыркүйек күні Кәрім нарығында шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған кезекті кездесу іс шарасы өтті. Нарық әмбебап болып табылады және азық-түлік өнімдерін де, тұрмыстық тауарларды да сатады.
Нарықта 45 кәсіпкер сауда жасайды. Олардың барлығы қызығушылық танытып, осы іс-шараға белсенді қатысты.
Кәсіпкерлер салық заңнамасы және стихиялық сауда туралы мәселе көтерді. Барлық сұрақтарға тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері жауап берді.
Сондай-ақ, кәсіпкерлердің қызығушылығын кәсіпкерлікті қолдау, атап айтқанда Атамекен өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілі жеңілдетілген несиелеу мәселелері көтерді. Келесі кездесу Береке базарында өтеді.
Аталған іс-шаралар ай сайын Алмалы ауданының барлық базарларында өткізілетін болады.