Қала әкімінің Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінің қорытындысы

Қала әкімінің Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінің қорытындысы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, 2022 жылғы 23 маусымда Шевченко көшесі, 97 мекенжайында орналасқанЛогистика және көлік академиясы университетінің ғимаратында сағат 15:00-де қала әкіміЕ.А. Досаевтың Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуі өтті.

         Кездесуге қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, құрылыс компаниялары мен мердігерлік ұйымдардың басшылары, блогерлер, белсенділер жәнеаудан тұрғындары қатысты.

         Тұрақты кездесуге қатысқан тұрғындардың жалпы саны – 500-ден астам адам. Сөз сөйлегендер – 51 адам. Барлығы 93 сұрақ көтерілді. Кездесу кезінде түсініктеме берілді – 45. Бүгінгі таңда – 37 сұрақ орындалды, 11 сұрақ жұмыста қалып отыр.

         Кездесу модераторы – Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің экс - ректоры Балықбаев Такир Оспанұлы болды.Ресей білім беруді ақпараттандыру академиясының академигі, Қазақстан Жоғары Мектебі Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ҚР ҰҒА құрметті мүшесі.

         Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаев кездесуде биылғы жылдың 5 айында Алмалы ауданының салық көрсеткіштері 28,1% - ға өскенін, ауданда 41 мың бизнес субъектісі жұмыс істейтінін атап өтті.

         Әкімдік инженерлік жаңғырту және әлеуметтік инфрақұрылымды қамтамасыз ету, қоғамдық кеңістікті құру және абаттандыру, есірткі қылмыстарының жолын кесу және т.б. тақырыптарды қозғай отырып, ауданның негізгі проблемалық мәселелеріне назар аударады.

         Бірінші.

         Инфрақұрылыммен жоғары деңгейде қамтамасыз етілгенімен,60-шы жылдары салынған инженерлік желілердің тозуы негізгі проблема болып табылады (электр энергетикасы - 70%, су құбыры – 72,6%, кәріз – 79,1%, жылу желісі-63,9%).

         Электр энергетикасында тозу 70% - ды құрайды.Желілерді жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

         Ағымдағы жылы жобалық қуатын 6-дан 10 кВт-қа дейін ұлғайта отырып, 81 км (856,8 км-ден) кабельдік желілер жаңғыртылатын болады.Бұл ауданның 91 мың тұрғынын үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.Жалпы, желілердің тозуы ағымдағы жылдың соңына дейін 60% - ға дейін төмендейді.Сумен жабдықтау бойынша тозу 72,6% - ды құрайды, бұл қала бойынша орташа көрсеткіштен 17,6% - ға жоғары.

         Ағымдағы жылы Тұрғыт Озал (Абай даңғылынан Есенжанов көшесіне дейін) және Байтұрсынов (Төле би көшесінен Әйтеке би көшесіне дейін)(барлығы 870 метр) көшелеріндегі су құбыры желілері қайта жаңартылады.

         Иесіз желілер бөлігінде ағымдағы жылдың соңына дейін коммуналдық меншікке «Жайлы» ТК-нің кәріз желілері және «Панорама» тұрғын үй кешенінің КСС-і қабылданатын болады.

         Ағымдағы жылы 415 м жылу желілері қайта жаңартылады (2 учаске: Құрманғазы көшесінен Досмұхамедов көшесі бойынша Абай даңғылына дейін және Бөгенбай батыр – Радостовец көшелері ауласының ішінде).

         Мамыр айының соңында Әуезов көшесін Райымбек даңғылымен байланыстыратын ұзындығы 800 м жаңа жол учаскесі ашылды.Ашық учаске іргелес көшелердің көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайтты.

         Ағымдағы жылы жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.Жалпы ұзындығы 12 шақырымнан асатын 11 көше, бүгінгі таңда 2 көшеде жұмыстар аяқталды.

         Екінші.

         Әлеуметтік саладағы объектілермен қамтамасыз ету басқа салаларға қарағанда жоғары.

         Білім.

         Бүгінгі таңда орта және мектепке дейінгі білім беру саласында орын тапшылығы сақталуда, жиынтықта 4,1 мың орынды құрайды (1,8 мың – мектептер, 2,3 мың – мектепке дейінгі мекемелер).Тапшылықты азайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.Осы мәселені шешу мақсатында мектептерде 1,8 мың оқушы орнына 2 жапсаржай (№ 34 және 144 гимназия), 2.3 мың мектепке дейінгі мекемге салынды.Оқушылар үйінің ғимаратын бұзу және №16 мектепке жапсаржай салу үшін жобалық құжаттаманы әзірлеу (сараптамалық қорытындыны алу мерзімі – 2023 жылғы 3 тоқсан).Мектепке дейінгі білім беру объектілері бойынша № 43 балабақша ғимаратының бұрын жекешелендірілген бөлігі сатып алынды.Оқу жылының басына дейін №7 балабақшаның сейсмотұрақтылығын күшейтеміз.Мұратбаев - Жібек жолы көшесіндегі бұрынғы балабақша ғимаратын жеке меншіктен алу және Тілендиев көшесіндегі бұрынғы балабақшаны қалпына келтіру мәселесіқарастырылып жатыр.Тапшылықты азайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

         Денсаулық сақтау.

         Аудандағы емханалар денсаулық сақтаудың сапалы жүйесінің орталығы болып табылады, тіркелген халықтың санының артуына әсер етті.Халықты емханаларға бекітудің еркін сипатына ие болуына орай, қаланың және облыстың басқа аудандарының тұрғындарының көпшілігі ауданның емханаларына тіркелуге ниет білдіреді.

         Аудан халқының саны 224,5 мың адам болса, ауданның 18 емханасы жақын маңдағы аудандардың (Бостандық, Жетісу және Түрксіб аудандарының тұрғындары) тұрғындарын тіркеу есебінен 2 есе көп пациенттерге немесе 443 мың адамға қызмет көрсетіледі.

         Бүгінгі күні Ревматология орталығының орнында 1947 жылы салынған ескі ғимаратты бұзып, 500 келушіге арналған жаңа емхананың құрылысы бойынша ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінді (ЖСҚ әзірленуде, сараптама қорытындысын алу мерзімі – 2023 жылғы 2 тоқсан).Осы жылдың соңына дейін Ревматологиялық орталық Құрманғазы көшесіндегі Оқу-клиникалық Орталығының ғимаратына көшеді.

         Сондай-ақ, Райымбек даңғылы, 312 мекенжайдағы психикалық дамуы тежелген балаларға арналған бассейні бар спорт орталығының құрылысына ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда (ЖСҚ әзірлеуге конкурс жариялау жоспарлануда, сараптама қорытындысын алу мерзімі – 2023 жылғы 2 тоқсан).

 

         Мәдениет.

         Бүгінгі күні ауданда 45 мәдени-демалыс нысандары, 53 тарихи-мәдени-демалыс орталықтары орналасқан.Биыл Мәуленов көшесінде коворкинг аймағы мен балаларды дамыту орталығы жұмыс істейтін жаңа кітапхана ашылды.Осылайша, аудан кітапханаларының жалпы саны 8-ге жетті.Аудан кітапханалары 10 саябақ пен скверде балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын-сауық бағдарламалары бар «Жарқын жаз» маусымдық жобасын іске асыруда.

         Сонымен қатар, биыл Райымбек батыр кесенесін қайта жөндеу жұмыстары басталып, 2023 жылы аяқталады.

 

         Үшінші.

         Аудан аумағында 1 саябақ, 22 сквер, 24 бульвар және жасыл аймақтар бар.Биылғы жылы ауданда Құрманғазы – Абылай хан – Шевченко – Панфилов көшелерінің квадратындағы ауданы 3,5 га болатын тағы бір саябақ аумағы толығады, қазіргі уақытта құрылыс процесі басталды.Сондай-ақ, 2 скверде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі, «ҚБТУ» скверінде жұмыстар жүргізілуде, «Әлия мен Мәншүк» скверінде абаттандыру жұмыстары ағымдағы жылдың күзінде басталады.Ағымдағы жылдың шілде айында «Сайран» су қоймасының түбін механикалық тазарту жобасының сараптама қорытындысын алу жоспарлануда, ол бойынша жұмыстар қазан айында басталып, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталатын болады.Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қазан айында қала шекарасында қала тұрғындары үшін қолжетімді демалыс аймағын ұйымдастыру үшін іргелес аумақты абаттандыру бойынша жобаны әзірлеуді аяқтау жоспарлануда.Жұмысты 2023 жылы бастау жоспарлануда.

         Аномалды жауын-шашынның түсуіне байланысты көктемгі кезеңде ауданда тұрақты су басудың 8 учаскесі анықталды, жыл соңына дейін осы учаскелер бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.Сондай – ақ, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін су бұру коллекторларын қалпына келтіру және оларға арық желілерін қосу арқылы ұзындығы 34 км арық желісін қайта құру және салу бойынша жұмыстарды бастау жоспарлануда.

         Биыл Алмалы ауданының аумағында 2 мыңға жуық ағаш пен бұта отырғызылды.Жыл соңына дейін тағы 10 мыңнан астам көшет отырғызылады.

         Ауданда барлығы 220 мыңға жуық ағаштар мен бұталар,соның ішінде көптеген апаттық және ауыр ағаштар бар.

         700 ағашты кесіп, оның орнына 7 мың ағаш отырғызу жоспарлануда.

         Қала әкімі Е.А. Досаевтың бастамасы бойынша биыл алғаш рет аудандағы апатты ағаштарды кесу жұмыстары басталады.

         Қала бойынша 5 мың ағашқа, оның ішінде 800 апатты ағашқа квота белгіленген.Сондықтан тұрғындар аудандық әкімдіктерге өтініш бере алады.

         Өткен жылы ауданның басты көшелерінде 12 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттері жаңартылды.Биыл 3-4 қабаттағы 44 үйдің қасбетін жөндеу жоспарлануда.

 

         Төртінші.

         Қаланың дамуында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып табылады. Ол үшін алдын алу шаралары қабылданады.

2022 жылдың соңына дейін ауданда Сергек камераларының санын 122-ге арттырып, 1 069 бірлікке дейін жеткізу жоспарланып отыр. Жаппай шоғырлану орны бойынша қосымша 541 бейнекамера орнатылады, оның ішінде 200 аулада, 118 саябақтарда, алаңдарда және 223 қиылыстарда. Бұл ретте, бюджет есебінен бұрын аулада камералар орнатылмаған.

Қауіпсіздік мәселесінің екінші жағы – ыңғайлы көше инфрақұрылымын құру. «VisionZero» аясында ауданның 6 көшесін қайта жаңарту жүргізілуде, оның негізгі мақсаты жолдардағы өлім-жітімді азайту болып табылады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы аяқталатын бағдаршамдардың құрылысы есебінен 6 учаскедегі көлік ағыны реттелетін болады.

Жастар мен қаламыздың болашағы үшін есірткі ерекше қауіп төндіреді. Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу үшін өткен жылдың қазан айында қоғам өкілдерімен және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп «НаркоStop» жобасы басталды.

Жоба мемлекеттік, қоғамдық және жергілікті деңгейдегі шаралар кешенін білдіреді.

Бүгінгі таңда жобаға қатысушылар, яғни 400 адамнан тұратын команда 80 мыңнан астам есірткі жарнамасын өшірді. 24 синтетика жобасының ақпараты бойынша полиция қызметкерлері есірткі таратушыны ұстады. Қала әкімі Е.А. Досаевтың тапсырмасы бойынша жоба қаланың басқа аудандарында да қайталанады.

        

         Төртінші.

         «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша Алмалы ауданы бойынша 800 млн.теңге бөлінді. Тұрғындар 153 жобаны ұсынды. Дауыс беру және қарау нәтижелері бойынша 2022 жылы іске асыру үшін 39 жоба іріктелді.

Аула кеңістігін жаңарту бойынша 21 жоба орындалуда. Бүгін балалар және спорт алаңдарын орнату, қоғамдық кеңістіктер құру, көгалдандыру, иттерді серуендетуге арналған алаңдар құру бойынша жұмыс істелуде. Сондай – ақ, осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін А.Байтұрсынов және Ә. Шәріпов көшелерінің ортасындағы «Алматы ауыр машина жасау зауыты» (Төле би - Гагарин) саябағы мен «Бөгенбай батыр» бульвары аяқталады.

Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жол жабынын жөндеу, тығыздалған құрылыс, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және т. б. мәселелерді көтерді.

Соған қоса, қаланың 8 басқармасы (білім басқармасы, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы, энергетика және сумен жабдықтау басқармасы, қалалық мобильділік басқармасы, кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы) басшыларының орынбасарларымен азаматтарды қабылдау өткізіліп, аудан тұрғындарына кеңестер берілді.

Жүргізілген талдауды негізге ала отырып, қала әкімінің Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде көтерілген мәселелер былайша жіктелген: тұрғын үй қатынастары – 8 (10,8%); абаттандыру, санитарлық тазалау және экология – 18 (24,3%); жер қатынастары – 2 (2,7%); кәсіпкерлік – 9 (12,2%); құқықтық тәртіп – 8 (10,8%); Әлеуметтік сала – 8 (10,8%); жұмысқа орналастыру – 2 (2,7%); білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерін жөндеу және салу – 4 (5,4%); автомобиль жолдарын жөндеу және салу – 7 (9,5%); басқалары – 8 (10,8%).

Қала әкімінің жоғарыда аталған кездесуі аудан әкімі аппаратының әлеуметтік желілерінің Instagram және Facebook ресми аккаунттарында және Almaty.tv телеарнасының Youtube-арнасында тікелей эфирде көрсетілді.Алматы қаласы әкімінің Алмалы ауданындағы халықпен кездесуіне сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=7Bc6S_wvZbk

Алматы қаласы әкімі Е.А. Досаевтың Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі аппаратының сайтында кездесудің қорытындылары, проблемалық мәселелер тізбесі, оларды шешудің нақты мерзімдерін көрсете отырып, проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимылдар жоспары, жауапты орындаушылар туралы ақпараттар жарияланды (Алмалы ауданы әкімі аппаратының сайтында жарияланған ақпаратқа сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/documents/details/322882?lang=ru).

         Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесулердің жаңа форматына сәйкес жыл соңына дейін қала әкімі Е.А. Досаев халықпен 24 кездесу, яғни тоқсан сайын бір реттен кездесу өткізеді.

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=7Bc6S_wvZbk

 

Проблемалық мәселелер тізбесі және оларды шешу жөніндегі іс-қимыл жоспары

Проблемалық сұрақ

Жоспарланған шаралар

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушы

1

Инженерлік желілер

Жобалық қуатын 6-дан 10 кВт-қа дейін ұлғайта отырып, 81 км (856,8 км-ден) кабельдік желілерді жаңғырту.

2022 жыл

ЭжСЖБ

Тұрғыт Озал (Абай даңғылынан Есенжанов көшесіне дейін) және Байтұрсынов (Төле би көшесінен Әйтеке би көшесіне дейін) көшелеріндегі су құбыры желілерін қайта жаңарту (барлығы 870 метр).

4 тоқсан

2022 жыл

ЭжСЖБ

«Жайлы» ТК-нің кәріз желілерін және «Панорама» тұрғын үй кешеңінің КСС-і желілерін коммуналдық меншікке беру.

4 тоқсан

2022 жыл

ЭжСЖБ

2

Жалпы білім беретін мектептердегі оқушы орындарының тапшылығы

Оқушылар үйінің ғимаратын бұзу және №16 мектепке жапсаржай салу үшін жобалық құжаттаманы әзірлеу

3 тоқсан

2023 жыл

ББ и ҚБ

3

Мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы

№7 балабақшаның сейсмотұрақтылығын күшейтуді аяқтау

2022 жыл

ББ и ҚБ

4

Емхана ғимаратының құрылысы

Ревматологиялық орталық орнында 500 келушіге арналған жаңа емхана салу бойынша ЖСҚ әзірлеу

2 тоқсан

2023 жыл

ҚДСБ

5

Спорт орталығының құрылысы

Райымбек даңғылы 312 бойынша психикалық дамуы тежелген балаларға арналған бассейні бар спорт орталығын салуға ЖСҚ әзірлеу

2 тоқсан

2023 жыл

ҚДСБ

6

Кесенені қайта жаңарту

Райымбек батыр кесенесін қайта жаңарту

2023 жыл

МБ

7

Қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және дамыту

Құрманғазы-Абылай хан-Шевченко-Панфилов көшелерінің бойында ауданы 3,5 га саябақ аумағын абаттандыру

2022 жыл

ЭжҚОБ

8

Сайран көлінің түбін тазарту және жағалау аймағын абаттандыру

«Сайран» су қоймасының түбін механикалық тазарту жөніндегі жоба сараптамасының қорытындысын алу

2022 жыл

ЖҚжӘБ, ЭжҚОБ

 

9

Құқық тәртібі

Сергек камераларының санын 122-ге көбейту және 1 069 бірлікке дейін жеткізу

2022 жыл

ПД

10

Бюджетке қатысу

«Алматы ауыр машина жасау зауыты» скверін (Төле би – Гагарин) және «Бөгенбай батыр» бульварын жөндеуді аяқтау

2022 жыл

Алмалы ауданы әкімінің аппараты