Алматыда 2022 жылы «Халықтың бюджетке қатысуы» бойынша құны 8,7 млрд теңге болатын 237 жобаға қолдау көрсетіледі

Алматыда 2022 жылы «Халықтың бюджетке қатысуы» бойынша құны 8,7 млрд теңге болатын 237 жобаға қолдау көрсетіледі

29 маусым күні Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Халықтың бюджетке қатысуы» жобасына қала тұрғындарының қатысу мәселелері туралы баспасөз конференциясы өтті.
Іс-шараның спикерлері – Алматы қаласы қаржы басқармасы басшысының м.а. Алтынай Төлеутаева және «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Аида Мұстафинова.
2019 жылы Алматы әкімдігі Қазақстанда алғаш рет «Халықтың бюджетке қатысуы» пилоттық жобасын іске асыруды бастады, оның мақсаты тұрғындардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде қала аудандарын дамыту және абаттандыру.
2019 жылы Алматы тұрғындарынан – 333, ал 2020 жылы 795 бастама түсті. Өткен жылы қала тұрғындары өз аулаларын, көшелерін және аудандарын дамытуға және абаттандыруға 934 ұсыныс берді.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша қала тұрғындарының бастамасына қатысты Алматыда жалпы құны 5,4 млрд теңге болатын 256 жоба іске асырылып, пайдалануға берілді. Іске асырылған жобалардың ішінде Алатау ауданының Шаңырақ-2 шағын ауданындағы (Ысқақов көшесі) және Томирис шағын ауданындағы (Марқатау көшесі) балалар және спорт алаңдарын ағымдағы жөндеу; Түрксіб ауданының Волочаевская және Сүйінбай көшелеріндегі балалар және спорт алаңдарын; Әуезов ауданының Саин және Жұбанов көшелері қиылысындағы көпір астындағы спорт алаңдарын, Төле би көшесінің, (Яссауи көшесі мен Момышұлы көшесінің арасындағы) Яссауи көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер аймағын салу және т.б.
Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Алматыда «Халықтың бюджетке қатысуы» аясындае жобалық ұсыныстарды қабылдау басталды, оларды іске асыру 2023 жылға жоспарлануда. Өтінім беру мерзімі budget.open-almaty.kz. сайты арқылы 20 шілдеге дейін әрі бір жобаның ең жоғары құны 61,2 млн теңгеден аспайды.
Бүгінде қала тұрғындары 62 өтінім берді. Берілген бастамалар саны бойынша Алатау (20), Бостандық (10), Әуезов (7) және Медеу (7) аудандары көш бастап тұр.