Алматы мәслихаты 2022 жылға арналған нақтыланған жергілікті бюджеттің жобасын қолдады

Алматы мәслихаты 2022 жылға арналған нақтыланған жергілікті бюджеттің жобасын қолдады

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен ағымдағы жылға арналған жергілікті бюджетті нақтылау жөнінде мәслихаттың XXII сессиясы өтті. Бюджетке енгізілген түзетулер ең алдымен Алматы тұрғындарының өтініштері мен тілектерін ескере отырып, әлеуметтік басымдықтарды іске асыруға бағытталған.
Жаңа оқу жылында 3 жаңа мектеп ашу жоспарлануда, Қалқаман шағын ауданында (1800 оқушы орны), Саялы шағын ауданында (1800 орын), Томирис шағын ауданында (1500 орын). Аталған оқу орындарының жұмыс істеуі үшін, оның ішінде мұғалімдердің жалақысына жыл соңына дейін 308 млн теңге бөлінеді.
Оқушы орындарының тапшылығын төмендету мақсатында Наурызбай, Түрксіб және Алатау аудандарында әрқайсысы 1500 орынды 5 мектептің құрылысы жыл соңына қарай аяқталады.
Жергілікті бюджеттен қосымша шығындарға қаржы қарастырылған, мысалы, кешкі оқу, ғылыми дәреже, тәлімгерлік, мектепке дейінгі оқыту, мұғалімдердің жалақысына және басқа шығындарға, Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында Art Sport бағдарламасын одан әрі іске асыру үшін Алматыда ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін 4,5 млрд теңге бөлу жоспарлануда.
Кеңейтілген медициналық көмек көрсету мақсатында Түрксіб, Алатау, Жетісу аудандарында 4 отбасылық-дәрігерлік амбулатория салуға қаражат қарастырылған. Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесінің құрылысы жалғасуда.
Наурызбай ауданының 100 мың тұрғыны үшін жылумен жабдықтау қуатын ұлғайта отырып, қазандықты кеңейту аяқталуда. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жұмыс істейтін жастар үшін тұрғын үй (1050 пәтер) сатып алу қарастырылады.
Сонымен қатар, инженерлік желілерді, жол және көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту бойынша нақты шаралар көзделген. Қала көшелерін су басу проблемаларын шешу мақсатында арық желісін қалпына келтіру үшін қаражат қарастырылған. Қаланың қоғамдық көлік жүйесін дамыту үшін 50 жаңа троллейбус сатып алынады.
Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды тегін тасымалдаумен (инватакси) қосымша қамту және көлік санын екі есе – 46-дан 100-ге дейін арттыру жоспарлануда.
Азаматтардың жекелеген санаттарын қолдау мақсатында мәслихат 18 нозология бойынша 1 млрд теңгеден астам сомада тегін медициналық көмектің қосымша кепілдендірілген көлемін мақұлдады. Жоба негізінде сирек кездесетін аурулары бар Алматы тұрғындарына дәрілік заттармен көмек көрсету қарастырылған.
Бұлардан өзге, сессияда депутаттар құрылыс салуда қала құрылысы регламенттерін іске асырудың жаңа Жоспарын қабылдады.
Өзгерістер мен толықтыруларды енгізудің мақсаттары мен міндеттері:
- жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, қала аумағының тұрақты даму процесін теңгерімді және құқықтық реттеу;
- тұрғындардың нақты және керек қажеттіліктеріне сәйкес сапалы қалалық ортаны құру мен дамытуға кешенді және жүйелі тәсілді қалыптастыру;
- ерекше сәулеттік, қала құрылыстық және құрылыстық реттеу аймақтарын белгілеуді қамтамасыз ету;
- - стандарттарды енгізу, аумақты ұтымды және қауіпсіз пайдалануға және кейін де пайдалануға ұсынымдар мен талаптар;
Осыған орай, ШААЖ, Әл-Фараби даңғылы, Саин және Жандосов көшелерінен жоғары тау беткейлері мен тау жыраларында қала шекарасына дейін көлбеуі 15 градустан жоғары кез келген ғимарат салуға тыйым салынады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бөлуге тыйым салынады, қоғамдық талқылаудан өту регламенті енгізіледі және 5 қабаттан жоғары тұрғын үй салған кезде қала құрылысы кеңесінің оң қорытындысын алу енгізіледі
Осының бәрі тау бөктеріндегі аумақтардың тығыздалуын әрі ретсіз құрылыс салуды тоқтатуға, табиғи ландшафтты сақтауға, сондай-ақ көлік инфрақұрылымына жүктемені азайтуға, экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді және құрылыс салынған аумақта нормативтік қажеттілікті ескере отырып, тиісті әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді.