Медицина қызметкерлері күні

Медицина қызметкерлері күні

Медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай Алматы қаласы Алмалы ауданының қоғамдық және әлеуметтік-саяси өміріне белсенді қатысып,
денсаулық сақтау саласына сіңірген зор еңбегі үшін, сонымен қатар пандемия уақытында аянбай атқарған еңбектері үшін медицина мекемелерінің қызметкерлері аудан әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталды.
Ауданымызда 20 денсаулық сақтау ұйымдарында (8 Республикалық, 12 Қалалық медициналық мекемелер) 1940 дәрігер, 3475 орта және кіші медициналық қызметкерлер қызмет атқарады. Жекеменшік медицина ұйымдарының ішінен 11 мекеме мемлекеттік тапсырысты орындайды.
Аудан емханалары 448 000 адамға қызмет көрсетеді.