
ҚР Бас прокуратурасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, stopterrorism.kz сайтын іске қосты. қазақстандықтар орын алған террористік актілер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде порталға жүктей алады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА ҚР Бас прокуратурасының сайтына сілтеме жасап.
"Бас прокуратура цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, stopterrorism.kz. веб-сайтын іске қосты, бұл сайтта азаматтар ағымдағы жылы орын алған террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады.
Қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдемелерді жинау мен тіркеуді, сондай-ақ қылмыскерлерді бейнежазбалар бойынша сәйкестендіруді жүргізуде.
Сонымен қатар, азаматтарға 115 сall-орталығына ақпарат бергені үшін алғыс айтамыз", - делінген ведомство хабарламасында.
inform.kz