ҚР орталық мемлекеттік архивіне - 100 жыл

ҚР орталық мемлекеттік архивіне - 100 жыл

Алмалы ауданында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің құрылғанына «100 жыл толуына орай мемориалдық тақта ашылды. 1921–2021».

Салтанатты шара аясында  «Жауһар жәдігерлер – 2021» («Возвращенная история – 2021») экспозициясы ұсынылып, архивтің 100 жылдық мерейтойына орай дайындалған және басып шығарылған құжаттардың ғылыми жинақтарының тұсаукесері өткізілді.

Мемориалды тақтаны мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов пен Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Ахетов ашты.

Іс-шараға архив ісінің ардагерлері, шетелдік және отандық архившы мамандар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, республикалық және облыстық архивтердің басшылары мен ардагерлері, меценаттар қатысты.

Мемориалдық тақта орнатылған үйдің мекен-жайы: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абай даңғылы, 39 (ҚР орталық мемлекеттік мұрағатының ғимаратында).