17 қарашада Алматыда өткен қардан кейін, қалада 5 см қар жауды, тау бөктеріндегі аудандарда - 20 см, таулы аудандарда - 15 см, жолдарды, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын және басқа да халық көп жиналатын жерлерді тазарту жұмыстары жүргізілді. Негізгі магистралды көшелерден қарды жаппай шығару ұйымдастырылды.
17 қарашадан 18 қарашаға қараған түні мердігерлік ұйымның күшімен 57 м3 қар шығарылды, 88 бірлік техника мен 72 адам жұмылдырылды. Ауданда қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.
Алдағы екі күнде ауа температурасының төмен көрсетуіне байланысты жылы киінуді, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге мұз қабатының пайда болуына байланысты сақтық шараларын сақтауды ұсынамыз.