Мүгедектер күніне арналған қайырымдылық акциясы

Мүгедектер күніне арналған қайырымдылық акциясы

Алмалы ауданы әкімінің аппараты Мүгедектер күніне орай «Бақытты отбасы» орталығы базасында «Rixos» қонақ үйінің және басқа да демеушілердің қолдауымен қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға назар аударылды.

Мүгедектер күні-барлығына қарамастан белсенді өмір салтын ұстанатын, төзімділік пен шыдамдылықтың үлгісін көрсететін адамдарға құрмет пен ризашылық білдіру күні болып табылады.

Алмалы ауданында 3894 мүгедек азаматтар және 649 мүгедек балалар тұрады Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелеріне назар аударуға бағытталған қайырымдылық акциялары тұрақты негізде жиі өткізіліп тұрады.