«Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» атты психологиялық курс

«Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» атты психологиялық курс

Алмалы ауданының «Бақытты отбасы» орталығы «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» атты психологиялық курсқа шақырады! Бұл курсқа тек әйел адамдар ғана емес, сонымен қатар ер адамдар, жасөспірім шақтағы 16 жастан асқан азаматтар мен азаматшалар қатыса алады.

Құрметті әкелер мен аналар осы курсқа қатыса отырып:

Отбасылық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға;

Эмоционалды интеллектіні жақсартуға;

Өзіміздің эмоцияларымызды басқаруға әртүрлі техникалар;

Тұлғалық даму, өзіндік бағалауды арттыруға, баланың қажеттіліктерін түсіне білуге, қабілетін, өмірдегі орнын табуға, құндылықтарын қалыптастыру жолдарын меңгеруге;

Нақты техникалар мен құралдарды меңгеруге мүмкіндік аласыз.

Курсқа белгілі спикерлер, тұлғалар қатысады.

Курс ұзақтығы: 1 ай дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері офлайн түрде Наурызбай батыр 106а мекен жайы бойынша Алмалы ауданы Бакытты отбасы орталығында өткізіледі.

Курс 04.10.2021 күні басталды.

Уақыты: 15:00-16:00.

Курсты орталық психологы Сарсенгалиева Аймерек жүргізетін болады. 87474094294 нөміріне сұрақтарыңыз болса жазсаңыздар болады.