Үйде медициналық тексеру күні

Үйде медициналық тексеру күні

Алмалы ауданы әкімінің аппараты, Ұлы Отан соғысы емханасымен бірге, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қозғалу мүмкіндігі шектеулі зейнеткерлерге «Үйде медициналық тексеру күні» акциясын ұйымдастырды.

Бұл акция қарт кісілердiң өмір деңгейін көтеруге және сапасын жақсартуға бағытталған. Егде жастағы азаматтарға үйде медициналық көмек көрсету медициналық көмектің жалпыға бірдей және тең қолжетімділігі қағидасына сәйкес жүзеге асырылуда.