Қар тазалау жұмыстары

Қар тазалау жұмыстары

6 қазанда сағат 2.10-да Алматы қаласында арты қарға ұласып, жаңбыр жауа бастады, 7 қазанға дейін үзіліспен болады деп болжануда. Таңертеңгі сағат 6-да таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 3 см қар жауды,  қалада  топырақтың  жылы  болуына байланысты қар еруде.

Ауданда қар тазалау жұмыстарын  «Алматы Тазалық» МКК мердігерлік ұйымы жүзеге асырады, 43 бірлік техника, 154 жұмысшы. Қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.