Алмалы ауданында қала күні

Алмалы ауданында қала күні

Ауданымызда «Қала күніне» орай 2 жекеменшік білім беру нысаны ашылды.
Бірінші нысан. «Arai kids» балабақшасы мектепке дейінгі оқытуға және 3 топтағы 70 бүлдіршінді тәрбиелеуге 15 адам еңбек ұжымы тартылған. Бұрын ғимарат кафе ретінде пайдаланылған, қазір балаларға толығымен бағытталған - барлық қажетті медициналық кабинет, ас үй, үлкен ойын және мәдени-спорттық кеңістіктер бар.

Екінші нысан. Бастауыш сыныптарға арналған «Arman shaq» инновациялық қазақ мектебі, баланың психологиялық жайлылығы мен бейімделуі, білім беру, шығармашылық, әлеуметтік және коммуникативті салалардағы дамуы сияқты құндылықтарды ұстана отырып, балалардың зияткерлік және жан-жақты дамуына және олардың әлеуетіне бағытталған.

Ауданда білім беру нысандарындағы орын тапшылығын төмендету мақсатында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жұмыс істеп тұрған білім беру нысандарына жаңа корпустардың құрылысы жүргізілуде және жаңа білім беру объектілерін ашуға жеке инвестициялар тартылуда.