Қала күні аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Аяла» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Қазақ мемлекеттік циркі жанындағы «Nomad» ат клубымен бірлесіп қайырымдылық акциясын өткізді. Атқа міну немесе басқаша айтқанда иппотерапия сабағына үйде немесе жартылай стационар жағдайында емделіп жатқан балалар қатысты. «Nomad» ат клубында өткізілген күнді балалар ұзақ уақыт есте сақтайды, өйткені, жаңа жағымды эмоцияларға, қарым-қатынасқа және жаңа физикалық сезімдерге толы болды! Мүгедек балалардың қарым-қатынасы шектеулі, оларға айналасындағы адамдармен байланысу, өз сезімдері мен тілектерін білдіру қиын. Мүгедек балалар үшін иппотерапия көбінесе сүйікті іс – әрекетке айналады, ал ат-нағыз, адал дос ретінде.