«АлмаFest» Фестивалі

«АлмаFest» Фестивалі

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «АлмаFest» фестивалі өтті.

АлмаFest - аты аңызға айналған алма жемісінің құрметіне арналған мереке. Алматы қаласы әрқашан алмамен байланысты болған. Зерттеулер көрсеткендей, қазіргі алманың Отаны Қазақстан аумағындағы Тянь-Шань тауларында орналасқан - бұл туралы генетикалық материалдың басым бөлігі айтады. Археоботанист Роберт Шпенглер (Германия) бүгінгі алмада жабайы алманың кем дегенде төрт түрінің іздері бар деп жазады.

Фестиваль алма тақырыбында өтті, фестиваль қатысушылары алма тарихы туралы  көптеген қызықты нәрселерді білді, конкурстар, билер және хош иісті, дәмді алмалардың дәмін тату ұйымдастырылды.