Алмалы ауданының әкімі Ержан Сейтенов ауданды жоспарлы аралау барысында өткен жылғы «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша тұрғындар ұсынған идеялар іске асырылып жатқан аулалармен танысты. 24 ауланың тұрғындары жобаның шарттарын тиімді пайдаланып, бүгінде өздерінің аула кеңістіктерінің мүмкіндіктерін тренажерлік және воркаут алаңдарымен, қызықты балалар кешендерімен және ауланы көгалдандырумен кеңейтуде.
«Бюджетке қатысу» бұл біздің қаламыздың кез келген тұрғыны өз ауласын, көшесін немесе гүлзарын абаттандыру бойынша өз идеясын сайт арқылы 1 қазанға дейін budget.open-almaty.kz сайт арқылы өтінім түрінде енгізе алатын жоба, өтінімде сіздің идеяңыздың мысалы ретінде кез келген фото немесе суретті қоса беру қажет, егер сіздің дауыс беру кезеңіндегі өтініміңіз басқа тұрғындардың дауыстарымен қолдау табатын болса, ол қалалық бюджет есебінен іске асырылады, басты шарт – жоба 58,3 млн теңгеден аспауы тиіс.
Консультацияны 224-39-29 (ішкі. 203, 139), 1308, 8708 683 0294 нөмерлерінен ала аласыз немесе 13 қыркүйектен басталатын тегін онлайн-тренингтерге қатысыңыз.
Тренингке budget.open-almaty.kz сайтында тіркелуге болады.