Жедел-профилактикалық іс-шаралар

Жедел-профилактикалық іс-шаралар

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша және аудан аумағында профилактикалық жұмысты қамтамасыз ету шарасы барысында Алмалы ауданының ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары, Алмалы ауданының патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге аудан аумағында профилактикалық тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында Алматы қ., Қазыбек би көшесі бойында ҚБТУ жанында түнгі автокөлік жарысын ұйымдастырған автокөлік жүргізушілері анықталып әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, Панфилов көшесінің бойында заңсыз сауда жасаған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы жағдай бойынша Алматы қаласы тұрғындарымен аудан аумағында тәртіпті сақтауы туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.