Вакцинацияны қолдау акциясының қорытындылары

Вакцинацияны қолдау акциясының қорытындылары

Дәрігерлер күні қарсаңында «Глобус» сауда орталығында «екпе жаса және жүлде ұтып ал» екінші акциясының қорытындысы шығарылды. Акцияны қорытындылай келе, «Глобус» сауда орталығының бас директоры Жұмабек Артығалиев егу пунктінің медбикелерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. «Вакцина жаса» акциясы 7-17 маусым аралығында өтті. Ұтыс ойынының жеңімпазы акцияға қатысушылар арасында кездейсоқ таңдау арқылы анықталды. Іріктеу нәтижелері сауда-саттық орталығының ресми аккаунттарында жарияланды. Ұйымдастырушылар тікелей эфирде Iphone 12 бас жүлдесінің иесін анықтады. IPhone 12 телефонының бас жүлдесін мұғалім Жайнақов Болат Әбдіжанұлы иеленді.

Акцияның мәні-қала тұрғындары мен қонақтарын короновирустық инфекцияға қарсы вакцина алуға ынталандыру ретінде кәсіпкерлерден тауарларға түрлі жеңілдіктер беру.

7-17 маусым аралығында өткен акция барысында 250-ге жуық адам вакцина алды. Қазіргі уақытта алматылықтарға коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 түрі қолжетімді: отандық «Qaz Covid» вакцинасы, ресейлік «Sputnik V»вакцинасы.

Вакцинация - сенімді қорғаныс! Денің сау болсын !!!