Алмалы ауданы әкімінің аппаратында кеңестер өтті

Алмалы ауданы әкімінің аппаратында кеңестер өтті

2021 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті Алмалы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен көшпелі кездесу ұйымдастырды.

Кездесу аясында мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет өткеру саласындағы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер түсіндірілді.

Мемлекеттік қызметшілерді ротациялау және қысқарту, мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасымен шектеулерді сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және т. б. мәселелерге ерекше назар аударылды.

Іс-шараға Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Ахетов және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Дана Жантемірова қатысып, өз сөздерінде Әдеп жөніндегі уәкілдердің құқық бұзушылықтардың алдыналу және мемлекеттік қызметте жобалық менеджментті пайдаланудағы рөлі туралы мәселелерді қозғады.

Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ильдар Үйсімбаев Алмалы ауданын аралау сапары барысында аппарат қызметкерлерінің жұмыс жағдайымен, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында іске асырылып жатқан азаматтардың өтініштерін сапалы қарау бойынша ұйымдастыру жұмыстарымен танысты.

Департамент басшысы «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында азаматтарды жеке қабылдап, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша аудандық ХҚКО қызметімен танысты.

Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Департаменті жанындағы ақпараттық-насихаттау штабының басшысы Саят Балғымбаев Алмалы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары бойынша семинар өткізді.

Семинар барысында Штаб жұмысының аясында барлық лауазымды тұлғаларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жауапкершілік жөнінде хабарлап,сыбайлас жемқорлыққа–жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу жататындығын түсіндірді.