Аудандық ардагерлер кеңесінің отырысы

Аудандық ардагерлер кеңесінің отырысы

Алмалы аудандық ардагерлер кеңесі Жақсылық Нұртазаұлы Әмірхановтың төрағалығымен ардагерлерді әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы нысандарымен таныстыру бойынша зейнеткерлермен кездесу өткізді. Кездесу барысында Алматы қаласының ардагерлерін әлеуметтік қолдау нысандары туралы ақпаратпен Алматы қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Моисеева Алевтина Федоровна сөз сөйледі.

Сондай-ақ, іс-шараға аудан зейнеткерлері және «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы»   КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі аудандық бөлімінің басшысы Калия Уркинчиновна Базикенова қатысты. Кездесу соңында қарт адамдарды толғандыратын барлық сұрақтарға жауаптар берілді.