«Келімсік» Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы

«Келімсік» Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы

2021 жылдың 7 мен 16 маусым аралығында Алмалы ауданының аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзушылықтарын анықтау мақсатында «Келімсік» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Осыған орай Алмалы ауданының ПБ көші-қон қызметінің қызметкерлері, ЖПҚБ учаскелік инспекторлары және де патрульдік полиция полкінің 2-ротасының қызметкерлерімен бірлесіп 97 шетелдік азаматты тексерді, оның ішінде Алматы қ. ПД Қабылдау-тарату орнына 27 шетелдік орналастырылды, көші - қон заңнамасын бұзғаны үшін 35 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
#dp_almaty
#polisiakz
#qriim_mvdkz