Тікелей эфир нәтижесі

Тікелей эфир нәтижесі

02.06.21 тікелей эфир кезінде Қазыбек би 68-70 мекенжайы бойынша жөндеу жұмысынан кейін ауланың нашар жағдайына қатысты шағым айтылды.
Алмалы ауданының әкімі аула тексеріп шықты. Жалпы, ауланың жағдайы жақсы.
Бірақ аулаға қатысты басқа да проблемалар анықталды: жасыл желектерді суару жоқ, подъездердегі жертөле үй-жайларында ылғалдылық байқалады.
Әкім ПИК-ке ауладағы жасыл желектерді суару және подъездердегі жертөле үй-жайларын кептіру бойынша тапсырмалар берді.