«Алмалы ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы» көктемгі-жазғы өрттің қауіпті кезеңі туралы ескертіп, Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауларыңызды сұрайды

«Алмалы ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы»  көктемгі-жазғы өрттің қауіпті кезеңі туралы ескертіп, Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауларыңызды сұрайды

Мүмкін болатын өрттің алдын-алу мақсатында:
1)өрт қауіпіздігі талаптарын сақтап, өртке қарсы режимді орындаңыз;
2) аулада, ғимаратқа, тұрғын үйге және басқа да құрылыстарға жақын аумақта құрғақ шөптерді жақпаңыз;
3) ғимараттармен басқа да құрылыстардың өртке қарсы аралығында от жағуға, қалдықтарды өртеуге рұқсат берілмейді;
4) тұрғын үйлердің, ұйымдардың ауласында өртке қарсы аралықта ашық қоймалардың және басқа да құрылыстардың территориясында қоқыс жинауға болмайды және уақытында құрғақ шөптерден, жапырақтардан тазаланып тұруы тиіс;
5) балаларды қараусыз қалдырмаңыз, сіріңке, оттық, жанғыш заттарды және басқа да ашық отты көзге көрінетін жерде қалдырмаңыз.