Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Алмалы ауданы бойынша Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Комиссия кәмелетке толмаған балаларға қатысты 4 материал қарады және Алмалы ауданының білім бөлімінің аудан аумағында қолайсыз отбасыларды анықтау және алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебін тыңдады.