Алғыс Айту Күні

Алғыс Айту Күні

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 2016 жылдың 1 наурызы елімізде қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі – Алғыс айту күні деп жариялаған болатын.
Бүгін, Алмалы ауданының медициналық мекемелері Алғыс айту күні аясында егде жастағы науқастарды профилактикалық тексеруден өткізіп, «Жылу» мейірімділік акциясын ұйымдастырды. Акция аясында жүріп-тұруға келмейтін науқастарға дезинфекциялық құралдар, басқа да қажетті дәрі-дәрмектер үлестірілді.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары пандемияның алғашқы күндерінен бастап күндіз-түні аянбай еңбек етіп, азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне зор үлесін қосқан қызметкерлерге алғыс жариялады.