Ведомствоаралық комиссияның отырысы

Ведомствоаралық комиссияның отырысы

Алмалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Алмалы ауданы бойынша Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Комиссия кәмелетке толмаған балаларға қатысты 4 материал қарады және Алмалы ауданының ювеналды полиция бөлімінің аудан аумағында қолайсыз отбасыларды анықтау және алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебін тыңдады.