Алмалы ауданында заңсыз салынған нысан бұзылды

Алмалы ауданында заңсыз салынған нысан бұзылды

Бұған дейін уәкілетті орган - Алматы қаласының қала құрылысын бақылау департаменті Сейфуллин даңғылы, 462 мекен-жайында орналасқан нысанды жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізіліп, оның шеңберінде меншік иесінің мемлекетке тиесілі жер учаскесін иеленгені анықталған болатын.
Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, орын алған заңсыздықты жою туралы бұйрық шығарылды. Алайда заңсыз тұрғызылған нысанды бұзу тек сот ісін жүргізгеннен кейін мүмкін болды.
Нысан иесі шығарылған нұсқаманы орындаған жоқ, соған байланысты Алматы қаласының қала құрылысын бақылау департаменті Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арызбен жүгінді. МАЭС шешімімен, бұрын шығарылған бұйрықты мәжбүрлеп орындау туралы талап арыз қанағаттандырылды. Кеше сот орындаушыларымен бірлесіп нысанды бұзу жүзеге асырылды.