«Тәуелсіз, еркін елденбіз»

«Тәуелсіз, еркін елденбіз»

Жамбыл қалалық кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Тәуелсіз, еркін елденбіз» атты мерекелік кештің ашылуы өтті. Іс-шараға дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев, әнші Әли Оқапов, виолончелист, саяхатшы Бағжан Октябр, мұғалім Азамат Байтасов, кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы, Жас Отан жастар ұйымының мүшесі Бибігүл Шербаева қатысты.
Жобаның мақсаты – елге танымал әртүрлі сала иелерін қонаққа шақырып «Елмен бірге қалай өстік?» деген тақырып төңірегінде ой бөлісіп, жастардың патриоттық сезімін ояту.