«Асыл әже» байқауы

«Асыл әже» байқауы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Асыл әже» байқауы өтті, оған Алматы қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына баратын тамаша әжелер қатысты, конкурс барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.
Біріншілік келесі категориялар бойынша өтті: Өзін-өзі таныстыру, сұрақтарға жауап беру, Ұлы Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу, өз өнерін көрсету, сондай-ақ қолөнер бұйымдарын таныстыру.
«Әртістік әже», «Шебер әже», «әнші», «Дана әже», «белсенді әже» номинациялары бойынша 14 әже мараппатталды, және барлық жеңімпаздарға естелік сыйлықтар берілді.
«Мұндай есте қаларлық кештер әдемі естеліктерге айналады, өйткені олар көптеген әдемі сәттерді, қажеттілік сезімін, белсенділік пен жақсы көңіл - күй сыйлайды», - деп қатысушылардың бірі өз әсерімен бөлісті.