ҚР Тұңғыш Президенті Күні аясында қоғамдық белсенділер ағаш отырғызды

ҚР Тұңғыш Президенті Күні аясында қоғамдық белсенділер ағаш отырғызды

Алмалы ауданы әкімінің аппараты ЖЭБ-мен және қоғамдық белсенділермен бірлесіп ҚР Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу және «Jasyl Almaty» акциясы аясында аудан аумағында 50 жапырақты ағаш (пирамидалық терек) отырғызу жұмыстарын жүргізді.
Ағаштар келесі мекенжайлар бойынша отырғызылды:
1.Масанчи көшесі (шығыс жағы) Қарасай батыр көшесінен төмен-20 дана;
2.Розыбакиев көшесі (батыс жағы) Бөгенбай батыр көшесінен жоғары-20 дана;
3.Тілендиев көшесі 35, 96 мектеп аумағында-10 дана;