ҚР Тұңғыш Президенті Күні аясында мұғалімдер арасында тоғыз құмалақтан ашық турнир өтті

ҚР Тұңғыш Президенті Күні аясында мұғалімдер арасында тоғыз құмалақтан ашық турнир өтті

ҚР Тұңғыш Президенті Күні аясында мұғалімдер арасында тоғыз құмалақтан ашық турнир өтті
Алматы қаласы Тоғызқұмалақ Федерациясының және Алмалы ауданының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған Алматы қаласы дене шынықтыру пәні мұғалімдердің арасында ашық турнир өтті.
Алматы қаласы тоғызқұмалақ федерациясының президенті Тұрсұн Әкім Хазретәліұлы ойын шарттарын түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс швейцар жүйесімен 7 тур болып, қатысушылар арасында жекелей есепте блиц түрінде өткізілді. Жарысқа Алматы қаласының әр ауданынан 5 ойыншыдан қатысты.
Қызықты және де тартысты өткен ойыннын нәтижелері келесі:
Ерлер арасында:
1 орын Берік Сембаев
2 орын Біржан Ташметов
3 орынды Нурлыбек Байжокенов
Әйелдер арасында:
1 орын Айбану Қожабекова
2 орын Жаңылсын Улкенбай
3 орынды Жанерке Қалқашева иеленді.
Алматы қаласы тоғызқұмалақ федерациясының мүшесі Жұмабаев Бақытбек Әшімұлы жеңімпаздарды құттықтап, диплом, медаль және сыйақымен марапаттады.
Тоғызқұмалақ-қазақтың ұлттық ойындарының бірі, ол тақтада логикалық ойын ұсынады, бұл интеллектуалдық ойын. Ойын түркілер мен моңғолдарда қасиетті саналатын 9 санына негізделген (тоғыз ойын тесігі, әр тесікте бастапқыда тоғыз шар). Ойын математикалық ойлауды дамытады және шыдамдылықты тәрбиелейді. Ойынның ауызша есептеуді дамыту қасиеті үшін оны «Көшпенділер алгебрасы»деп те атайды. Партия төрт-бес сағатқа созылуы мүмкін. Ойын барысында қарсыластар барлық төрт негізгі математикалық әрекеттерді қолдануы керек. Ойын санау жылдамдығына ғана емес, тактикаға да негізделген.