Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің 87-ші концерттік маусымының салтанатты ашылуы өтті

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің 87-ші концерттік маусымының салтанатты ашылуы өтті

Консерватория дәлізінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. 87-ші маусымның концерттік бағдарламасында қазақ музыкасының ұлылығы мен Ұлы даланың кеңдігін көрсететін музыкалық әуендермен қатар әлемдік деңгейдегі классикалық шығармалар орындалды, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батыржан Мықтыбаев, сондай-ақ халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары: Айдос Жабағин, Ажар Еркебұланова өнер көрсетті. Оркестрдің бас дирижері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты – Абылай Тлепберген.
Құрманғазы оркестрі-Қазақстанның аспаптық музыка өнері тарихындағы бірегей оркестр. Оркестрдің тарихы алтын әріптермен жазылып, қазақтың алғашқы кәсіби дирижері, академик Ахмет Жұбановтан бастау алады. Елбасы-Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрі-тәуелсіз мемлекетіміздің інжу-маржаны.