
Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы сіздерді Еңбек күні мен Алматы қаласының күніне орай өтетін бос жұмыс орындарының қалалық жәрмеңкесіне шақырады!
Шара барысында әртүрлі бағыттар мен салалар бойынша көптеген бос жұмыс орындары ұсынылып, әрбір ізденуші өз кәсіби бағытына сай лайықты жұмыс табуға мүмкіндік алады.
📅 Өтетін күні: 15 қыркүйек 2026 жыл
⏰ Басталу уақыты: 15:00 (тіркелу сағат 14:00-ден басталады)
📍 Өтетін орны: Арбат (Панфилов пен Жібек Жолы көшелерінің қиылысы)