Ана еңбегі — болашақтың негізі: Алмалы ауданында көпбалалы аналарды құрметтеді

Ана еңбегі — болашақтың негізі: Алмалы ауданында көпбалалы аналарды құрметтеді

Алмалы ауданы әкімдігінде көпбалалы аналармен жылы жүздесу өткізіп, оларға лайықты мемлекеттік марапаттарын табыстадық. «Алтын алқа» төсбелгісін бір анамыз алса, «Күміс алқа» төсбелгілерін ауданымыздың үш көпбалалы анасына табыстадық.

Бала тәрбиесі — бұл үлкен әрі маңызды күнделікті еңбек. Балалар мейірімділікке, адалдық пен құрметке ең алдымен үйде, аналарының арқасында үйренеді. Сіздер бар күш-жігерлеріңізді балаларға арнайсыздар, бұл — қаламыз бен еліміздің болашағына қосқан нағыз үлестеріңіз. Кездесуде атап өткеніміздей, аудан әкімінің аппараты көпбалалы отбасыларымызды қолдауға әрқашан дайын.

Марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға жылулық пен бақ-береке тілейміз. Балаларыңыз әрқашан өз жетістіктерімен қуанта берсін!